14 ақпан 2014 15:23

"АрселорМиттал Теміртау" 2500 адамды жұмыстан шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©REUTERS ©REUTERS

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ 2014 жылдың көктемінен жылдың соңына дейін металлургиялық комбинаттағы 2500 жұмысшыны жұмыстан шығаруды бастайды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне компанияның әкімшілік директоры Анджей Выпих айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "2500 адамнан 500-і аутсорсинг бойынша қысқартылады, тағы 500-і - өз еркімен жұмыстан кетеді, 1500-і штатты қысқарту бойынша жұмыстан шығарылады. Қазірдің өзінде 600 жұмысшыға қатысты бұйрық орындауға жіберілді. Жұмыстан босату көктемде - наурыз, сәуір, мамыр айларында басталады. Жылдың соңына дейін процесс кезең-кезеңмен жүргізіледі. Компания жүргізген есеп бойынша 1000 адамды жұмыстан босату бір жыл ішінде 8 млн доллар көлемінде үнем жасауға мүмкіндік береді", - дейді Анджей Выпих. Ал Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі күні аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев "АрселорМиттал Теміртау" жетекшісі Виджай Махадеванмен кездесіп, жұмыстан шығарылатын адамдар қатарын азайту мүмкіндігін қарастыруды сұраған. Өз кезегінде Махадеван әлеуметтік ахуалдың ушығуына жол бермейтінін айтқан. "2014 жылдың қыркүйегінде комбинатта ірі инвестжобаны іске асыру жоспарланып отыр - №3 домна пеші күрделі жөндеуден соң іске қосылмақ, бұл өнім өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Компанияның келешек жоспарлары да жарқын, демек, жаппай жұмыстан қысқарту жасауға қажеттілік жоқ", - делінген әкімдіктің баспасөз парағында. Дегенмен металлургтердің "Жақтау" кәсіподағының төрағасы Виктор Щетининнің айтуынша, компания басшылығы шантажға барып отыр. "Бізге егер ұжым 13-жалақыдан бас тартса, қысқартулар болмайды деп мәлімделді. 13-жалақы ұжымдық еңбек келісімшартында жазылған, ол металлургтер жұмысының тиімділігін есепке ала отырып тағайындалады. Металлургтер жыл бойы еңбек сіңірген сыйақысынан неліктен бас тартуға тиіс?" - дейді Щетинин. Кәсіподақ төрағасының айтуынша, комбинатта орташа жалақы - 129 мың теңге. Щетинин компания облыс әкіміне берген уәдесіне қарамастан жаппай қысқартудан бас тартпайды деп отыр. "Металлургтерді жұмыстан босату туралы бұйрықтардың күші жойылған жоқ. Егер Махадеван әкімге жағдайды ушықтырмай, әлеуметтік салдарларды төмендетуге уәде берсе, бұл ол уәде міндетті түрде орындалады деген сөз емес", - дейді ол. Айта кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ - ArcelorMittal болат құю халықаралық концернінің құрамындағы кәсіпорын, ол - Қазақстанның тау-кен-металлургия секторындағы ірі өнеркәсіп орны. Оның құрамына Теміртау қаласындағы металлургия комбинаты, Қарағанды облысындағы сегіз көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарындағы төрт темір кеніші кіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети