07 шілде 2015 | 10:15

"Артем" базары маңындағы төбелесте резеңке оқтың қолданылғаны туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youube.com © Youube.com

"Артем" базарының маңында болған жаппай төбелес туралы дақпырт әңгіме таратқандардың бірі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ер адам төбелес барысында резеңке оқтың қолданылғаны туралы жалған ақпарат таратқан.


Иконка комментария блок соц сети

"Артем" базарының маңында болған жаппай төбелес туралы дақпырт әңгіме таратқандардың бірі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ер адам төбелес барысында резеңке оқтың қолданылғаны туралы жалған ақпарат таратқан.

Елордалық полицейлер 1 шілде күні 16 маусымда "Артем" базары маңында төбелес туралы жалған ақпарат таратқан 1964 жылы туған ер адамды ұстады.

"Дерек Соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Дәлелдердің жиынтығы нәтижесінде күдіктінің әрекеті ҚР ҚК "Ақпараттық-коммуникациялық желілер мен ақпарат құралдары арқылы жалған хабарлама тарату" бабы бойынша тіркеуге алынды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Ер адам ұсталып, Қылмыстық кодекстің 128-бабы негізінде Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. 3 шілдеде Алматы аудандық соты ер адамды қамауға алу туралы қаулы шығарды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, брифингте ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "Артем" базарының маңындағы жаппай төбелес туралы дақпырт әңгіме таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын хабарлаған болатын. Ол осы іс бойынша кемі екі адамның күдікті екенін айтты. айта кетейік, "Артем" базары маңындағы жаппай төбелес 16 маусым күні кешкі уақытта болды. Төбелеске қатысы бар деген күдікпен полицейлер 18 адамды ұстады.. 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети