Астанадағы жаппай төбелес кезінде жүкті әйел бір топ адамның ортасында қалып қойды

17 Маусым 2015, 13:30
2
Астанадағы жаппай төбелес кезінде жүкті әйел бір топ адамның ортасында қалып қойды - ©Ренат Ташқынбаев
©Ренат Ташқынбаев

Жүкті әйел Астанадағы жаппай төбелес кезінде жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап.

Елордадағы "Артем" базарындағы мекемелердің бірінде жұмыс істейтін әйелдердің бірі төтенше жағдайдың куәгері болды. Біздің тілшімізге ол полиция келгенде біреулердің әйелдің құлап түскенін айтып, айқайлағанын хабарлады. Куәгер көмекке шақырған әйелге барып, оған жедел жәрдем шақырған. Жүкті әйелді дәрігерлер алып кетті. 

"Жедел әрекет ету арнайы жасағы келгенде жігіттер қаша бастады. Мен толық түсіне алмай қалдым, біреулер тас лақтырды ма, итеріп жіберді ме, әйтеуір түсініксіз. "Көмектесіңдер, жүкті келіншек құлап қалды!" деген айғайды естідім. Бұрылып қарасам, ол құлап жатыр екен. Мен жүгіріп барып, жедел жәрдемді шақырдым, оны дәрігерлер алып кетті. Не болғанын білмеймін. Телефонын да алмаппын. Уайымдап отырмын", - деді куәгер.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің жағдайын тексерген олар оны ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. Әйел жарақат алмаған болып шықты, алайда эмоционалдық стресске ұшыраған. Оқиғадан кейін ешкімнің де дәрігерлердің көмегіне жүгінбегені белгілі болды. Төтенше жағдайды ішкі істер департаменті растады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы "Артем" базарының маңында жаппай төбелестің болғаны хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, төбелеске ондаған адам қатысқан. Полицейлер жиналғандарды үш рет таратып жіберді. Куәгерлер "Артем" базарының бірінші қабатының қирағанын айтты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым күні шамамен сағат 20.10-да Астана қаласы ІІД ЖБО "Артем" СҮ қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қайыр тілеумен айналысатын әйелді ұстағандары жөнінде хабарлама келіп түсті. Полицейлер сол күні шамамен сағат 18.00-де ІІ топтағы мүгедек 30 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған, мектепке дейінгі жастағы үш баласымен Астанаға Алматы қаласынан қайыр сұрау мақсатында келгенін анықтады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, осы уақытта өтіп бара жатқан адамдар сол жерге жиналған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін келген полиция жасағына дау-дамай туындатқан белсенді қатысушылар бағынбай, сол арада төбелес шыққан.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай