Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Астанадағы "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелестің мән-жайы анықталды

17 Маусым 2015, 11:40
14
©Ренат Ташқынбаев
©Ренат Ташқынбаев

Астанадағы "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелестің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым күні шамамен сағат 20.10-да Астана қаласы ІІД ЖБО "Артем" СҮ қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қайыр тілеумен айналысатын әйелді ұстағандары жөнінде хабарлама келіп түсті. Полицейлер сол күні шамамен сағат 18.00-де ІІ топтағы мүгедек 30 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған, мектепке дейінгі жастағы үш баласымен Астанаға Алматы қаласынан қайыр сұрау мақсатында келгенін анықтады.

"Осыдан бұрын ол бірнеше рет осыған ұқсас құқықбұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қайыршылықпен айналысу үшін сауда үйінің ғимаратына кіруге рұқсат берілмегеннен кейін "Артем" СҮ қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен әйелдің арасында келіспеушілік туындаған. Осы уақытта өтіп бара жатқан адамдар сол жерге жиналған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін келген полиция жасағына дау-дамай туындатқан белсенді қатысушылар бағынбаған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер бұл оқиғаға қатысы бар 18 қатысушыны мән-жайды анықтау үшін ұстады. Олардың ішінде мас күйінде болғандар да бар. Зардап шеккендер мен мүліктік шығындар жоқ. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Әйелдің арызы бойынша ҚР ҚК 252-бабы ("Жекеменшік күзет қызметі қызметшілерінің уәкілеттігін асыруы") негізінде сотқа дейінгі өндіріс басталды, сонымен қатар, "Артем" СҮ қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің арызы бойынша материал ҚР ҚК 293-бабы бойынша ("Бұзақылық") тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы "Артем" базарының маңында жаппай төбелестің болғаны хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, төбелеске ондаған адам қатысқан. Полицейлер жиналғандарды үш рет таратып жіберді. Куәгерлер "Артем" базарының бірінші қабатының қирағанын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (14)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай