26 ақпан 2021 16:48

Аружан Саин ақша жымқыру ісі туралы жазған шипажай директоры үйқамаққа алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/sanatoriialatau Фото: instagram.com/sanatoriialatau

Бұған дейін омбудсмен Аружан Саин ақша жымқыру ісі туралы жариялаған онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға арналған санаторийдің директоры үйқамаққа алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше маңызды істері бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұған дейін омбудсмен Аружан Саин ақша жымқыру ісі туралы жариялаған онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға арналған санаторийдің директоры үйқамаққа алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше маңызды істері бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" балалар клиникалық санаторийінің директорына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Ол 2015-2021 жылдар аралығында өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, өзіне пайда табу мақсатында аса ірі мөлшерде ақшалай қаражат бөлген, ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламалары бойынша оңалтудан өтетін балалардың ата-аналарынан көрсетілген мекемеде тұрғаны, тамақтанғаны және емделгені үшін төлем болған", - дейді Биғайдаров. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, қаржы жетіспеуі санаторийде оңалтудан өтіп жатқан балаларға тамақ жетіспеушілігіне әкеліп соққан.

"Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады", - деді Биғайдаров.

Еске салайық, 16 ақпанда Аружан Саин онкологиялық ауруы бар балалар шипайындағы жымқыру ісі туралы мәлімдеген болатын.

"Балалардың құқықтарын бұзу әртүрлі мекемеде, әсіресе балаларды тамақпен және басқа да тиісті қызметтермен қамтамасыз етуде болып жатады. Мен бұл туралы үнемі жаза алмаймын, қазір тергеу жүріп жатыр. Бірақ жақында Антикор операция өткізді, оның нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" республикалық балалар клиникалық шипажайында ақша жымқырылғаны, азық-түлік және балаларға арналған басқа да өнімдердің сатылғаны туралы дәлелдер жиналды", - деп жазды омбудсмен Facebook желісінде.

Саинның айтуынша, мекемеде жыл сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша онкологиялық және бронхопульмоналды аурулары бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар емделеді.

"Клиникалық шипажай - елімізде атап өткен аурулары бар балаларды оңалту саласындағы санаулы орындардың бірі. Мен білетін ақпарат бойынша, шипажай директоры Ханшайым Мұсаева мен оның қарамағандағы қызметкерлер жыл сайын ақша жымқырған. Балалардан, ата-аналарынан тұру, тамақтану және емделу үшін ақы алып, олар бюджетке ақша салудың орнына ақшаны қалтасына салып келген, бұл науқастарды ұстау және емдеу жағдайларына теріс әсер етті. Сонымен қатар, шипажайда балаларға арналған азық-түлік өнімдерін - ет, картоп және т.б. заңсыз сату фактілері ақықталды", - деді Саин.

Омбудсмен балалардың мемлекеттік квота бойынша шипажайға жіберілетінін, ал ата-аналары өздері үшін төлейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети