18 қаңтар 2021 08:56

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қазақстандық екі әйелге іздеу салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © instagram/aktobe_times Фото: © instagram/aktobe_times

Ақтөбе облысының Полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған екі адамға іздеу салынғаны туралы хабарлама таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе-Таймс" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысының Полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған екі адамға іздеу салынғаны туралы хабарлама таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе-Таймс" басылымына сілтеме жасап.

"1990 жылы туған Ермағамбетова Жанар Мақсұтқызы іздестіріліп жатыр. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, құрылыс материалдарын жеткізу туралы шарт жасасқан. Тапсырыс берушілерді алдап, аса ірі көлемде ақша алған, бірақ сатып алушыға тауар жеткізбеген", - делінген іздеу хабарламасында.

"Тағы бір азамат - 1966 жылы туған Әбішева Назгүл Молдабаевна да аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріліп жатыр", - делінген ПД хабарламасында.

 

Полиция қызметкерлері кімде-кім екі әйелді көрсе немесе қайда екенін білсе Ақтөбе облысы Полиция департаментіне (Ағайынды Жұбановтар көшесі, 271-құрылыс) немесе 102 нөміріне я болмаса 8 (7132) 51-38-37, 52-05-14 телефонына хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети