17 маусым 2016 11:44

Астана полицейлері есірткі сатумен айналысқан адамды ұстау сәті түсірілген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадрдан алынған сурет Кадрдан алынған сурет

Астана ІІД өкілдері есірткі сатумен айналысқан адамды ұстау сәті түсірілген видео жариялады, - деп Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер елордада бірнеше ірі қылмысты ашты.


Астана ІІД өкілдері есірткі сатумен айналысқан адамды ұстау сәті түсірілген видео жариялады, - деп Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер елордада бірнеше ірі қылмысты ашты.

ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығының өкілдерімен бірге Есіл қаласында Ақмола облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Ол елордада есірткі сатумен айналысқан екен. Ер адамды тәркілеу кезінде салмағы 3 келі 500 грамм болатын есірткі және қару-жарақтар табылды.

Сонымен қатар, 15 маусымда қарулы шабуыл жасаумен айналысқандар ұсталды.

"15 маусым күні жекеменшік үйлердің біріне шабуыл жасап, ішінде 38 мың доллар қаражат және құны 300 мың доллар болатын әшекей бұйымдар сақталған сейфті ұрлаған үш адам ұсталды. Олар үй иелерін тапаншамен қорқытқан. Ұсталғандардың Жамбыл облысынан келгені, сонымен қатар, бұған дейін де сотты болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети