10 наурыз 2015 19:21

Астана тұрғыны Facebook желісіндегі жазбасы үшін қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©3news.co.nz ©3news.co.nz

Астана тұрғыны Facebook желісіндегі жазбасы үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөзіне сілтеме жасап. 


Астана тұрғыны Facebook желісіндегі жазбасы үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөзіне сілтеме жасап. 

2015 жылдың 9 қаңтарында Сәкен Байкенов Facebook желісінде ұлтаралық араздықты насихаттайтын жазба жазған. "Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2 соты "Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, ұлтаралық араздықты үгіттейтін ақпаратты тарату жолымен жасалған ұлтаралық араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға, ұлттық қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын насихаттауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер" бабы бойынша айыпталушы Сәкен Байкеновті қамауға алуды санкциялау туралы материалды қарастырды", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Бұған дейін ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін Ақтөбенің тұрғыны үш жылға сотталған еді. Оның алдында Алматы соты үш адамды дәл осындай қылмыс үшін екі жылға бас бостандығынан айырған болатын. "Жігіттер ғимараттарға, қоршауларға, газет дүңгіршектеріне кемсіту-арандату сипатындағы жазбалар жазған. Жазбалар Алматының түрлі бөліктерінде жазылған. Жігіттер - қазақтар, бірақ қазақ халқының атына бағытталған кемсіту мәніндегі жазбаларды әдейі Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың атынан орналастырған", - деп хабарлады полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети