10 наурыз 2023 10:02

"Астана-Зеленстрой" директоры пара алғаны үшін 185 миллион теңге төлейтін болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәліге қатысты 9 миллион теңге пара алу дерегі бойынша істі қарауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.


Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәліге қатысты 9 миллион теңге пара алу дерегі бойынша істі қарауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәлі "Табиғат-Сервис НС" ЖШС директорының орынбасары С. Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу дерегі бойынша істі қарау аяқталды.

"3 наурызындағы сот үкімі бойынша, Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети