Астанада 42 жастағы әйел сейфтен 10 миллион теңге ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 42 жастағы әйел сейфтен 10 миллион теңге ұрлап кеткен

Астаналық полицейлер ірі сомадағы қаржыны ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қалалық Ішкі істер департаментіне бір ЖШС-тің басшысы 7 желтоқсанға қараған түні белгісіз біреу сейфтен ақша ұрлағаны туралы арызбен келген. 

"Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыскерді қолға түсірудің кешенді шарасы қарастырылды. 10 желтоқсан күні Павлодардағы жедел-іздестіру іс-шарасында Астана полицейлері 42 жастағы әйелді ұстады", - деп хабарлады полицейлер.

Тергеу барысында қолға түскен азаматша сәйкес келген кілтпен сейфті ашып, 10 миллион теңге көлемінде ақшаны ұрлағаны туралы куәлік берді.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабындағы 4 тармақ бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына тіркелді. Қолды болған заттар иесіне қайтарылып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +18
Ақтау +25
Ақтөбе +24
Атырау +29
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +19
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +23
Т
Талдықорған +21
Тараз +25
Түркістан +27
О
Орал +20
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер