Астанада адам өлтірген лесбиянкаға тағы бір күдік келіп отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Кристина Чернышова (сол жақта) және Каролина Кан. © voxpopuli.kz Кристина Чернышова (сол жақта) және Каролина Кан. © voxpopuli.kz

Өзінің лесбиянка досы Кристина Чернышеваны өлтірген 24 жастағы жеңгетай Каролина Канның тағы бір қыздың өліміне қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Телеарнаның ақпаратынша, Александра Лиге (Каролинаның шын есімі) қатысты жаңа іс қозғалған. Бірақ бұл жаңа айыптаулардың жай-жапсары әлі нақтыланған жоқ. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өзінің лесбиянка досы Кристина Чернышеваны өлтірген 24 жастағы жеңгетай Каролина Канның тағы бір қыздың өліміне қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Телеарнаның ақпаратынша, Александра Лиге (Каролинаның шын есімі) қатысты жаңа іс қозғалған. Бірақ бұл жаңа айыптаулардың жай-жапсары әлі нақтыланған жоқ. 

Еске сала кетейік, тамыз айының ортасында Астана қалалық соты 18-жасар Кристина Чернышеваны айуандықпен өлтіргені үшін Каролина Кан мен оның екі сыбайласы - Марина Гуреева мен Диана Нұржанованы жалпы алғанда 39 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Қазіргі таңда айыпталушылар үкімге қарсылық танытып, іс қайта қаралатын болды. 

Айта кетейік, 2013 жылы сәуір айында қос лесби - Каролина Кан мен Кристина Чернышева Қарағандыда алғаш рет біржынысты үйлену тойын өткізіп, елді дүрліктірген болатын. Әрине, ресми емес. Өйткені бізде заң бойынша, бір жынысты некеге рұқсат етілмеген. Бірақ арада бір жыл өткеннен кейін Астанада тұрған "біржыныстылар отбасында" айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы тіркелген болатын. Тергеу барысында анықталғандай, қаскүнемдер алдымен қызды қылқындырып өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, қаладан шығарып өртеп жіберген. 

Сот отырысында Каролина Кан Кристинамен Астанада танысқанын айтқан. Олар сонда интимдік қызмет көрсету арқылы табыс тапқан. Сотталушы Александра Лидің айтуынша, ол жеңгетайлықпен айналысқан, ал Кристина Чернышева клиенттердің соққан қоңырауларына жауап беріп отырған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer