03 қараша 2022 12:02

Астанада автобус жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Астанада кәмелетке толмаған баланы зорлады деген автобус жүргізушісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада кәмелетке толмаған баланы зорлады деген автобус жүргізушісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қарашада Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.

"А., №1 автопарктің жүргізушісі бола тұра, дәрменсіз жағдайын пайдаланып, автобус салонында кәмелетке толмаған жәбірленуші К-ны зорлаған.

А-ның кінәсі сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ның тұрақты айғақтарымен, соттағы айғақтармен дәлелденген; жәбірленушінің өтірік айтуға және қиялдауға бейім еместігін көрсететін сарапшы психиатр-психологтардың қорытындысы; К.-ның заңды өкілінің айғақтары; сараптамалар қорытындысы, куәмен ұялы телефон арқылы хат алмасу, куәлардың айғақтары", - делінген хабарламада.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 бөлігі 1-тармағы санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Ер адамға осы бап бойынша жазаның ең жоғарғы шарасы – кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемелерінде өтейді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети