21 қазан 2015 16:08

Астанада әйел адамға дөрекілік көрсетті делінген полицейдің әрекеті наразылық туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде таралған видеороликтегі әйел адамның аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың ІІД әкімшілік полиция басқармасының өкілдері видеоны зерттеп, оқиғаның 20 қазанда болғанын анықтаған.


Әлеуметтік желілерде таралған видеороликтегі әйел адамның аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың ІІД әкімшілік полиция басқармасының өкілдері видеоны зерттеп, оқиғаның 20 қазанда болғанын анықтаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 20 қазанда шамамен 07.45-те әйел адам баласымен бірге № 66 орта мектептің маңында рұқсат етілмеген жерден өтпек болған, ол жол-патрульдік полициясы қызметкерінің ескертуіне құлақ аспаған. Полицей бұл уақытта "Ескерту - жаяу жүргінші!" республикалық акциясының аясында жол-қозғалысы ережелерінің алдын алу бойынша қызмет жасап жатқан.

Әйел адамның баласын мектепке апарғаннан кейін рұқсат етілмеген жерден жолды тағы да кесіп өткені хабарланды. Жол-патруль полициясының инспекторы одан құжатын көрсетуді сұрап, Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 615-бабы бойынша хаттама толтырғысы келген. 

"Алайда ереже бұзған әйел полиция қызметкерінің құжатты көрсету туралы заңды талабына қарсы болған, бұдан кейін жол-патрульдік полициясының инспекторы рұқсат етілмеген жерден өткені үшін әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін шара қолданған", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, әйелді ұстау сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде таралды. Әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары полицейдің тәртібіне наразы болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети