Астанада айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасады делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасады делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық полицейлер айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасаған адамды бір тәулікте ұстады. "17 тамыз күні "Байлық Finance" айырбас пунктіне шабуыл жасады деген күдікпен Ақмола облысының 22 жастағы тұрғыны жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталды", - деп жазылған ІІД баспасөз хабарламасында.
Полиция қызметкерлері "Қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады, айғақ ретінде тапанша тәркіленді. Күдікті Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Еске сала кетейік, Астанада 17 тамызда таңертең "Байлық Finance айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасалған болатын. Бүгін таңғы 5.30-да айырбас пунктіне аласа бойлы, арық жігіт келді. Ол терезені ұрғылай бастады, ал кассадағы қызметкер жабуға әрекеттенді. Ол купюр ақшаларды санайтын машинканы қойғысы келгенде ер адам травмат қаруынан ата бастады. Криминалистер келгенде олар бірінші кезекте кішкентай шариктерді жинап, саусақ іздерін ала бастады", - деді "Байлық Finance" компаниясының менеджері Әлия Салыбекова.