17 тамыз 2015 17:17

Астанада айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Астанада айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Байлық Finance" компаниясының менеджері Әлия Салыбековаға сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл компанияның еншісінде айырбас пункттерінің желісі бар.


Астанада айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Байлық Finance" компаниясының менеджері Әлия Салыбековаға сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл компанияның еншісінде айырбас пункттерінің желісі бар.

"Бүгін таңғы 5.30-да айырбас пунктіне аласа бойлы, арық жігіт келді. Ол терезені ұрғылай бастады, ал кассадағы қызметкер жабуға әрекеттенді. Ол купюр ақшаларды санайтын машинканы қойғысы келгенде ер адам травмат қаруынан ата бастады. Криминалистер келгенде олар бірінші кезекте кішкентай шариктерді жинап, саусақ іздерін ала бастады", - деді Әлия Салыбекова.

Ер адам ата бастағанда айырбас пунктінің касса қызметкері стол астына тығылып, күзетпен байланысты. Кейін ол ер адамның рубль беруін талап еткенін айтып берді. Соған қарағанда, ол екі мың рубль әкете алғанға ұқсайды. 

Бұл айырбас пункті қаланың адамдар көп жүретін жерінде орналасқан. 

Компаниядағылардың айтуынша, айырбас пунктіне осыған дейін де шабуылдар жасалыпты. 

"Бізде күзетке шабуыл жасалған бір оқиға болан, ол пышақ жарақатын алды. Оқиға 7 ай бұрын болған еді", - деді Салыбекова.

Оның айтуыша, компания басшылығы ішкі істер департаментіне хат жазып, онда осы ауданда адамдарды тонау және айырбас пунктіне келгендерді тонау оқиғаларының жиілеп кеткені жазылды. "Осы ауданда әрдайым жоаушылар тоналады: сөмкелерін, ұялы телефондарын тартып алып, клиенттердің көліктерінің терезесін шағады", - деді Әлия Салыбекова.

Айта кетейік, Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің бойынша "Байлық Finance" пунктіне жақын маңда тағы да басқа айырбас орындары бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети