28 желтоқсан 2017 13:36

Астанада балаарбадан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астана полицейлері сауда орталықтарының біріндегі бутикте әмиян ұрлады деген күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана полицейлері сауда орталықтарының біріндегі бутикте әмиян ұрлады деген күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 желтоқсанда шамамен сағат 16.30-да "Есіл" аудандық Ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын белгісіз бір әйелдің балаарбада ілініп тұрған сөмкесінен қызыл түсті әмиянды ұрлап кеткенін хабарлады. Сөмкеде құжаттар мен ақша болған", - деп хабарлады полициядағылар.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 23-25 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Сары шашты, бойы шамамен 160-165 сантиметр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Астана қалалық ІІД видеоға түсіп қалған қыздың аты-жөнін анықтау үшін Ішкі істер басқармасына мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 71-64-90, 8-707-914-15-28, 8-707-790-26-06, 8-701-311-12-27 немесе 102.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети