Астанада Банк ЦентрКредитке ұры түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Банк ЦентрКредитке ұры түсті © Tengrinews.kz

Астанада белгісіздер "Банк ЦентрКредит" АҚ ғимаратының астын қазып, тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада белгісіздер "Банк ЦентрКредит" АҚ ғимаратының астын қазып, тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. © Tengrinews.kz

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, бүгін шұғыл басқару орталығына 8:47-де белгісіз біреудің банктің жертөле қабатына вентиляциялық шахта арқылы кіргені жайлы хабар келіп түскен. Бұл орында бойлер бөлмесі болған. Техникалық персоналдың жұмыс бөлмесінен техникалық персоналдың қызметкерлерінің бірінің жеке заттары ұрланған. Алдын ала есептеу бойынша, 30 мың доллар көлемінде қаражат жоғалды. "Ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Банктегілер бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.

© Tengrinews.kz

© Tengrinews.kz

Айта кетейік, биылғы мамырда да осыған ұқсас оқиға болған еді. Белгісіздер Астанадағы "Қазпошта" бөлімшесінің ғимаратының астын қазған. Тағы бір оқиға 2009 жылы болыпты. Сол уақытта тонаушылардың нысаны "Цеснабанк" болған. Алайда олар ғимараттың басқа бөлмесіне кіріп кетіп, ақша ұрлай алмаған. Тәртіп сақшылары ұрылардың 75 метрлік жоласты өткелін салғанын хабарлаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети