Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне ұры түсті

25 Мамыр 2015, 12:37
0
Қираған қабырға. © Tengrinews.kz
Қираған қабырға. © Tengrinews.kz

Қазпоштаның Астанадағы бөлімшесіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін таңертең 11-бөлімшенің жертөлесі арқылы кіріп біреулер қабырғаларын қиратты. Ештеңе ұрламаған. Бұл алдын ала мәлімет, құқық қорғау органдары қазір сол жерде жұмыс істеп жатыр. Бұл вокзал ауданында орналасқан пошта бөлімшесі. Бұл аудан жалпы - криминалды. Ол жерде біздің күзет агенттігіміз жұмыс істейді, құқық қоргау органдарына хабар берген де солар. Бөлімше жұмысына ертең кіріседі, бүгін ол жердегі құқық қорғау органдарының мамандары тиісті шараларды жүргізеді", - деп хабарлады "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.

Айта кетейік, бұл айдың басынан бері Қазпошта бөлімшесіне бірінші рет шабуыл жасалып отырған жоқ. 6 мамырда "Қазпошта" АҚ-ның Екібастұздағы бөлімшесіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, 50 миллион теңгені қолды қылды. Жедел ақпарат бойынша, оқиға 6 мамырда түнде болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, поштаны тонағандар әлеуметтік төлемге арналған қаражатты алып кеткен. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай