Астанада белгісіздер "Банк ЦентрКредит" АҚ ғимаратының астын қазып, тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Астанада белгісіздер "Банк ЦентрКредит" АҚ ғимаратының астын қазып, тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. © Tengrinews.kz
Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, бүгін шұғыл басқару орталығына 8:47-де белгісіз біреудің банктің жертөле қабатына вентиляциялық шахта арқылы кіргені жайлы хабар келіп түскен. Бұл орында бойлер бөлмесі болған. Техникалық персоналдың жұмыс бөлмесінен техникалық персоналдың қызметкерлерінің бірінің жеке заттары ұрланған. Алдын ала есептеу бойынша, 30 мың доллар көлемінде қаражат жоғалды. "Ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Банктегілер бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
Айта кетейік, биылғы мамырда да осыған ұқсас оқиға болған еді. Белгісіздер Астанадағы "Қазпошта" бөлімшесінің ғимаратының астын қазған. Тағы бір оқиға 2009 жылы болыпты. Сол уақытта тонаушылардың нысаны "Цеснабанк" болған. Алайда олар ғимараттың басқа бөлмесіне кіріп кетіп, ақша ұрлай алмаған. Тәртіп сақшылары ұрылардың 75 метрлік жоласты өткелін салғанын хабарлаған еді.