Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада басқарма қызметкері алаяқтығы үшін айыпталып отыр

16 Шілде 2014, 11:05
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Астана қаласы банкроттық және оңалту жөніндегі басқармасының қызметкері пара беруге азғырғаны және алаяқтығы үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржы полициясы агенттігі Астана қаласы бойынша банкроттықты оңалту басқармасының конкурстық басшысы Е. Қожахметке қатысты пара беруге азғыру және алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Ол 2014 жылғы 19 маусымда жеке кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына 1 млн теңге көлемінде пара беру сылтауымен кәсіпкердің 400 мың теңгесін иеленген деп айыпталып отыр.

ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Қожахметтің өз кінәсін толық мойындауына және жиналған дәлелдемелерге күмән келтірмеуіне байланысты оның келісімімен бұл фактілер бойынша өндіріс қысқартылған тәртіпте жүргізілді.

30 маусымда қылмыстық іс материалдары прокуратура органдарына жолданды. Қазіргі күні қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай