01 шілде 2017 09:21

Астанада баспалдақтан көлікпен түскен жүргізушіге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ztb_kz © ztb_kz

Астанада Конгресс-орталық алдында баспалдақтан Mercedes көлігімен түскен жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл сурет өткен аптада жарияланған болатын.

"Астана қалалық ІІД-нің ЖПҚ қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі 017 AV Mercedes маркалы көліктің баспалдақ алаңына шығып кеткені түсірілген суретті зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 1-бөлігі ("Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін жүргізушімен алдын алу әңгімелесу шарасын жүргізілгені айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети