03 тамыз 2016 09:16

Астанада дүкеннен телефон ұрлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Астанада дүкеннен телефон ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада дүкеннен телефон ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сарыарқа аудандық ІІБ жедел уәкілдері жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде Астана қаласының 35 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу шараларының барысында ол ұрлық жасағанын мойындады. Ұялы телефон ретіндегі заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды", - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Оның айтуынша, ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұған дейін ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қалалық ІІД өкілдері қалалықтарға жеке заттарына сақ болып, қарауынсыз қалдырмауды сұрады. 

Еске салайық, Астанадағы дүкендердің бірінде ұялы телефон ұрланған сәт видеоға түсіп қалған еді. Видеодан Сарыарқа даңғылы,15 үйде орналасқан балаларға арналған тауарларды сататын дүкендегі телефонды ұрлаған сәт көрінеді. Дүкен иесінің айтуынша, ол басқа келушілермен сөйлесіп жатқанда, ер адам оның iPhone 6 телефонын ұрлап кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети