16 қазан 2023 16:56

Астанада экс-полицейлерге қатысты үкім шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада экс-полицейлерге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада экс-полицейлерге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты адамдардан ақпарат алу және кінәсін мойындату мақсатында азаптау әрекеттерін жасағаны үшін сотталушыларТ., Ә., Ж. және М.-ға қатысты үкім шығарды (ҚР ҚК-ның 146-бабы 2-бөлігі, 1,2-тармақтары).

Сот мәліметінше, сотталушылар полиция қызметкерлері бола отырып, мүліктік қылмыстарды ашуға байланысты қылмыстарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе отырып, құқық бұзушылық жасаған.

"Қорқыту және ақпарат алу немесе мойындату мақсатында өз араларында алдын ала сөз байласып, бірнеше рет күш қолданып, қалта ұрлығы жасады деген күдікке ілінген төрт адамға психикалық зардап келтірген", - делінген Астана сотының баспасөз хабарламасында.

"Сот үкімі бойынша, Т., Ә. және М. ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігі 1, 2-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсына төрт жылдан бас бостандығынан айыру және үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы Ж., ҚК - нің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында үш жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды", - делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ресми деректерге сәйкес, сотталушылар бұрынғы полиция қызметкерлері "полиция аға сержанты" және "полиция сержанты" арнайы атақтарынан айырылған. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети