08 маусым 2016 11:37

Астанада "ЭКСПО" қаражатын жымқыру ісіне қатысы бар 11 фигурантқа жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада "ЭКСПО" қаражатын жымқыру ісіне қатысы бар 11 фигурантқа жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша 12 сотталушының айыпты мойындау туралы келісім түріндегі процессуалдық келісімге қатысты іс қаралды.


Астанада "ЭКСПО" қаражатын жымқыру ісіне қатысы бар 11 фигурантқа жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша 12 сотталушының айыпты мойындау туралы келісім түріндегі процессуалдық келісімге қатысты іс қаралды.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас өз кінәларын мойындап, прокурорлармен келісімге барған 12 фигурантқа қатысты үкім шығарды. Олардың ішінде "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының Құрылыс департаментінің экс-басшысы, 61 жастағы Қажымұрат Үсенов бар. Сот оны айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Үсеновті қарауыл жасағы сот залында қамауға алды.

Осыдан кейін басқа да айыпталушыларға қатысты сот үкімі шықты:

Сейіт Сейітов (Southfork ltd компаниясының атқарушы директоры) - "ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, бес жылға шартты түрде соттау жазасы кесілді. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды", - деді судья.

Нұрлан Ақпамбетов (Southfork Ltd компаниясының бас директоры) - "ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 55-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға шартты түрде соттау жазасы кесілді. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылады. Үй қамақта ұстау туралы шараны ешқайда шықпау жөніндегі қолхатқа ауыстырылсын", - деді судья.

Алпысбек Телекметов ("Компания АДС" ЖШС президенті) - "ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК 55-бабы 4-бөлігін қолдана отырып, мүлкін тәркілеу және мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру, сонымен қатар 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Телекметовке қатысты ұй қамауында ұстау шарасы қамауға алуға өзгертілсін", - деді судья.

Марс Шорманов ("Компания АДС" президенті) - "ҚР Қылмыстық Кодексінің 55-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар, мүлкін тәркіленіп, мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылсын. Кепіл арқылы бостау шарасы қамауға алумен өзгертілді", - деді судья.

Ренат Ақылбаев (Алматы Еуразиялық Технологиялық Университетінің доценті) - "ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі және 189-бабы 5-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК 55-бабы 4-бөлігін қолдана отырып, мүлкін тәркілеу және мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру, сонымен қатар 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ақылбаевқа қатысты шара бұрынғы күйінде қалдырылсын", - деді судья.

Сергей Ильин (жұмыссыз) - "ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 1-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 55-бабы 4-бөлігін қолдана отырып, мүлкін тәркілеу және мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сергей Ильинге қатысты шара бұрынғы күйінде - қамауға алу түрінде қалдырылсын", - деді судья.

Вячеслав Пягай ("Southfork ltd" ЖШС филиалының директоры) - кінәлі деп танылды. Оған үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Ерлан Тілеуов ("Петроспек" ЖШС директоры) - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 1-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 10 мың АЕК көлемінде, яғни 19 миллион 820 мың теңге айыппұл салу жазасы кесілді. Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Кепілақы түріндегі шара жойылып, кепілге берілген 2 миллион теңге қайтарылсын", - деді судья.

Серик Найзабеков ("Құрылыс консалтинг" Ұлттық орталығы" АҚ директоры) - кінәлі деп танылды. Оған 10 мың АЕК - 19 миллион 820 мың теңге айыппұл салу жазасы кесілді. Сонымен қатар, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Самат Сардарбеков ("Dos Group" ЖШС директоры) - 10 мың АЕК көлемінде - 19 миллион 820 мың теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Кепіл арқылы босату шарасы жойылып, миллион теңге көлеміндегі кепілақы қайтарылатын болды.

Талгат Сағындыков ("Ирбис Транс ЛТД", ТОО SS Electric Indastry директоры) - "10 мың АЕК көлемінде - 19 миллион 820 мың теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Кепіл арқылы бостау шарасы жойылып, миллион теңге көлеміндегі кепілақы қайтарылатын болды", - деді судья.

Айта кетейік, бұған дейін өз кінәларын мойындап, прокурорлармен келісімге барған осы сотталушыларға қатысты сот өндірісі бөлініп шығарылған болатын. Сонымен қатар, олар ұлттық компанияның шығынын біртіндеп өтей бастады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети