18 ақпан 2019 15:30

Астанада еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын сатқан дәрігерлер ұсталды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© видеодан алынған кадр © видеодан алынған кадр

Астанада емхана қызметкерлері жалған еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын сатқаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Астанада емхана қызметкерлері жалған еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын сатқаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Бір күнге арналған еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы 2 500 теңгеге саудаланған.

"15 ақпанда "Сатып алу қорытындысы" әдісі бойынша жалған еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру дерегі анықталды. Анықтаманы өткізу кезінде қалалық емхананың бас медбикесі мен дәрігері ұсталды. Оған қоса, полиция қызметкерлері анықтаманың заңсыз сатылуына делдал болғаны үшін әйел адамды ұстады" - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз өкілдері.

Полицейлер ақ халаттылардың жұмыс үстелінде табылған құжаттарын тәркіледі. Олардың ішінде емделушінің қай аймақта тіркелгені, дәрігерлердің еңбекке уақытша жарамсыздық парағына қолы қойылған анықтамасы және емхананың мөрі болған.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандар кінәсын мойындаған, оларға қатысты "келуге міндеттеу" бұлтартпау шарасы қолданылды. Астана полиция қызметкерлері тұрғындарды еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын заңсыз алғаны үшін қылмыстық жауапкершілек бар екенін ескертті" - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети