05 қаңтар 2018 11:14

Астанада ер адам гаражды ұрлап, темір-терсек қабылдау пунктіне өткізіп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: propokupki.ru Иллюстрациялық сурет: propokupki.ru

Астанада темір көлікжайды ұрлаған ер адам мен зардап шеккен тараптың келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметі бойынша, 2017 жылдың қарашасында ер адам манипулятор көлігін шақыртып, ішінде қолданыстағы техника мен өзге заттары бар гаражды тиетіп алған. Осыдан кейін ол көлікжайды темір-терсек қабылдайтын орынға өткізіп жіберген екен. Осылайша, гараж иесіне 500 000 теңге көлемінде шығын келтірілген.

"Сотта келген шығын толықтай өтелгені, медиация тәртібі бойынша тараптар келісімге келгені анықталды. Осыған байланысты Астананың Сарыарқа аудандық № 2 сотының шешімімен қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети