28 желтоқсан 2017 13:03

Астанада ер адам "қайырымдылық жәшігін" ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астаналық полицейлер қайырымдылық жәшігін ұрлады деген күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астаналық полицейлер қайырымдылық жәшігін ұрлады деген күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Оқиға 27 желтоқсанда 08:00-де Жеңіс даңғылының бойындағы "Дастархан" асханасында болған. Белгісіз ер адам асхананың ғимаратында болып, қайырымдылық үшін қойылған жәшікті алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған", - деді полиция өкілдері.  

Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша бірыңғай реестрге тіркелді. Полицейлер қаскөйдің кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр.  

Астана ІІД өкілдері видеодағы ер адамның кім екенін анықтауға атсалысуды сұрайды. Қандай да бір мәліметті білген жағдайда "Сарыарқа" аудандық ішкі істе басқармасына мына телефондар бойынша хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 71-66-36, 71-66-34, 71-66-10,  8-775-400-04-28.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети