30 наурыз 2017 10:48

Астанада ер адам кредит тарихы нашар клиенттерге ақша алуға "көмектескен"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Елордалық полицейлер Қарағанды облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады, ол интернет-алаяқтық бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елордалық полицейлер Қарағанды облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады, ол интернет-алаяқтық бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицияға Астана тұрғыны келіп, белгісіз біреудің өзін алдап 27 мың теңгесін иеленіп кеткенін, яғни KIWI-әмиян арқылы абоненттік нөмірге ақша аудару кезінде алданып қалған. 

"Күдікті Интернетте OLX.kz сайтында былай деп жазба қалдырған: "Кредит тарихы нашар адамдарға және жеке кәсіпкерлерге несие алып беруге көмектесемін". Оған қоса ол телефон нөмірін қалдырған. Күдікті өзін кредиттік "Алма" фирмасының өкілі ретінде таныстырған және жәбірленушімен WhatsApp арқылы банктен қалай несие алуға болатынын және өзінің жұмысы үшін ақшаны қалай аудару керектігін түсіндірген", - дейді Астана ІІД өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Алаяқтық" бабы бойынша жүргізіліп жатыр және оның басқа да істерге қатысы бар-жоғы тексеріледі. Астана қалалық ІІД өкілдері осындай заңсыз әрекеттердің құрбаны болғандардан полицияға хабарласуын сұрайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети