09 наурыз 2023 12:12

Астанада Гүлмира Сатыбалды ісі қаралып жатыр: сотталушы үйқамаққа ауыстыруды сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды судьядан оны үйқамаққа ауыстыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды судьядан оны үйқамаққа ауыстыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада сот процесі басталды. Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алу туралы айтты.

Сотта Гүлмира Сатыбалдымен бірге тағы екі адам отыр: оның жүргізушісі және адам ұрлау қылмысына қатысы бар деген күдікті. Белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагузов бұл іс бойынша - жәбірленуші.

"Гүлмира Сатыбалды ҚК-нің 389-бабы, 4-бөлігінде, 3,28-бөлігінде, 3-бөлігінде, 125-бабы, 2-бөлігінде, 1 және 8-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталып отыр. Батыршаев Мәдиге Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3,28-бөлігі, 3-бөлігі, 125-бабы 2-бөлігі, 1, 8-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айып тағылған. Өтебеков Рашид Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп айыпталған", - деді сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тараптың өкілі.

Гүлмира Сатыбладаның адвокаттары сотталушыға қатысты барлық қылмыстық істі біріктіруді сұрады.

"Қазақстанда Гүлмира Сатыбалдаға қатысты үш қылмыстық іс қаралып жатыр. Бір істі Қызылорданың №2 сотында қаралып жатыр. Екінші іс - сізде. Үшінші іс – қорғау тарапы, ал сотталушыға соталды тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланды, қылмыстық іс Алматы қаласы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өндірісте", - деді Сатыбалдының адвокаты.

Сондай-ақ, сотталушының адвокаттары бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді және қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети