Астанада кассир қызды тепкілеген "каратист" жігіт аяқ-асты есінен адасты. Шенеуніктің тентек ұлы Қуаныш Турагелдиев өзін ақтайтын басқа себеп таппай, сол күні не болғанын өзім де білмеймін деп отыр. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады.
Астанада кассир қызды тепкілеген "каратист" жігіт аяқ-асты есінен адасты. Шенеуніктің тентек ұлы Қуаныш Турагелдиев өзін ақтайтын басқа себеп таппай, сол күні не болғанын өзім де білмеймін деп отыр. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады.
Телеарна мәліметінше, оның қатты ашуға булығып, бойжеткенге қалай тепкені есінде жоқ екен. Кинотеатрдағы бармен қыздың сатқан сусынын жақтырмай жұдырық сілтеген бай баласы қазір тергеу изоляторында жатыр. Сонымен қатар, оның 22 жастағы жігіттің премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы Болат Турагелдиевтың ұлы екені айтылады. Елдің жағасын ұстатқан оқиға Бас прокуратураның да қатаң бақылауында. Лауазымды атқамінердің ұлы болса да жазадан құтылмайды деп сендірді олар. (Дереккөз: "КТК")
Алайда, көптеген құқыққорғаушылар істің әділ аяқталатынына күмәнмен қарайды. Іс тараптардың ымыраға келуімен аяқталуы мүмкін дегенді айтатындар көп. Тіпті өтемақы өндіру емес, заңның қатаң еместігінен, - деп хабарлайды "31 арна".
Ал заңгерлердің айтуынша, "каратист" аталып кеткен Турагелдиевке заңға қайшы әрекеті үшін 200 АЕК (шамамен 40 мың теңге) көлемінде айыппұл салынатынын немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін екенін айтады. Оған қатысты іс "Бұзақылық" бабы бойынша ашылды.
"Медиация деген жаңа ұғым пайда болды. Қылмыстық өндірістің ұстанымы - гуманизация, сонымен қатар тараптардың ымыраға келуі. Тараптардың ымыраға келуін сот та, құқық қорғау органдары да құптайды", - деді адвокат Жандос Тұяқов.
"Түсініктірек айтсақ, қазақстандық заңнама Қуаныш Турагелдиев сияөты адамдарға темір торға да қаматпайды және өзінің белгілі әкелерінің абыройын да төкпейді", - деп хабарлайды телеарна.
Ал әлеуметтік желілердің қолданушылары істің әділ аяқталатынына сенбей отыр. Мәселен, Instagram желісінде #судитьКуаныша хэштегі пайда болды, бұл хэштег арқылы олар оқиғаға қоғамның наразылығын туғызуға тырысады.
"Өкінішке орай, ҚР заңы бойынша қылмыскерге мұндай әрекеті үшін ешқандай да жаза берілмейді, алайда қоғамдық дау туғызса бәрі де мүмкін. Жас қызға көмектесіңіздер. Бәріміздің жиналып, әділдік үшін күресетін уақытымыз жетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдегені хабарланған еді. Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын. Кейін күдікті ұсталды.