01 тамыз 2016 19:29

Астанада лауазымды тұлға пара ретінде балаларға арналған велосипед талап еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dreambikes.ru © dreambikes.ru

Астанада қорғаныс істері жөніндегі аудандық басқарма басшысы пара ретінде балаларға арналған велосипед талап еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада қорғаныс істері жөніндегі аудандық басқарма басшысы пара ретінде балаларға арналған велосипед талап еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола гарнизоны әскери сотында Астана қаласы Сарыарқа ауданының қорғаныс істер басқарма басшысына қатысты ҚК-ның 366-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін қылмыстық іс қаралды.

Сот сотталушының жеке пайдакүнемдік қызығушылығы ниетімен мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды тұлға бола тұра қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, бір азаматқа жедел әскери қызметінің мерзімін жылжытуға көмектесу үшін соңғыдан бағасы 19 195 теңге тұратын балаларға арналған велосипед түріндегі параны талап ету арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасағанын анықтады.

Дегенмен сотталушы бұл қылмыстық құқықбұзушылықты жасаумен тоқтамай, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша қорғаныс істері Басқармасының әскери есебінде тұратын азаматтың мүлкіне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Бұл жерде сотталушы өз қызметтік өкілеттіктерін пайдалану арқылы, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен ақша құралдарын ұрлауға бағытталған қылмыстық ойы пайда болғаны айтылады.

"Ақмола облысы гарнизонының әскери соты сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына билік өкілі қызметін атқарушы қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 545 200 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 49-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотталушы "майор" әскери шенінен айырылды.

Жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот жасалған қылмыстың ауырлық санатын және сипатын, сондай-ақ сотталуышының өз кінәсін мойындауы мен жасаған әрекеттеріне өкінуін ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети