Астанада лесбиянканың өлімі бойынша сот басталды

Астанада лесбиянканың өлімі бойынша сот басталды ©Әсел Сатаева

Астанада кісі қолынан өлген лесбиянкаға қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушылар үшеу: 21 жастағы Диана Нұржанова, 20 жастағы Мария Гуреева және бұрын марқұм Кристина Чернышевамен бейресми некеге тұрған, Каролина деген лақап аты бар 24 жастағы Александра Ли. 

Бұған дейін Астана қаласы ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бұл оқиға бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаған едік. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2014 жылдың 26 наурызы күні Кристина Чернышеваның із-түссіз жоғалып кеткені мәлім болды. Ол Астанада тұрып жатқан еді. Қызға іздеу жарияланды. Тергеу барысында полицейлер оның Астанада өлтірілгенін анықтады. Күдіктілер - үш қыз, олардың бірі - Чернышевамен бейресми некеге тұрған жас келіншек.

Маусым айының соңында Кристина Чернышева Алматыда жерленді. Еркекшоралардың үйлену тойы 2013 жылы Қарағандыда өткен еді. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл салтанаттан репортаждар жариялады.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама