02 шілде 2014 11:40

Еркекшора Чернышеваның өліміне қатысты іс сотқа берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристина Чернышева (оң жақта).  ©Voxpopuli.kz Кристина Чернышева (оң жақта). ©Voxpopuli.kz

Еркекшора Кристина Чернышеваның өлімі туралы іс сотқа берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.


Еркекшора Кристина Чернышеваның өлімі туралы іс сотқа берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласы ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы Чернышеваның өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл қыз біржынысты некеге тұруымен танымал болған еді.

"Іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 284-бабының тәртібімен Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жолданды. Басты сот талқылауы барысында сот айыпталушы тұлғаларға қатысты түпкілікті құқықтық баға беретін болады", - делінген Tengrinews.kz-тің сауалына қайтарылған жауапта.

Еске сала кетейік, 26 наурыз күні Кристина Чернышеваның жоғалып кеткені мәлім болған еді. Ол Астанада тұрып жатқан. Қызға іздеу жарияланды. Тергеу барысында полицейлер оның Астанада өлтірілгенін анықтады. Күдіктілер - үш қыз, олардың бірі - Чернышевамен бейресми некеге тұрған жас келіншек.

Маусым айының соңында Кристина Чернышева Алматыда жерленді. Еркекшоралардың үйлену тойы 2013 жылы Қарағандыда өткен еді. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл салтанаттан репортаждар жариялады.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети