26 маусым 2014 15:28

Кісі қолынан өлген еркекшора Чернышева Алматыда жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматыда кісі қолынан қайтыс болған белгілі еркекшора Кристина Чернышева жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жантүршігерлік оқиға Астанада наурыз айында болған еді. Кристина Чернышеваны буындырып өлтірген.


Алматыда кісі қолынан қайтыс болған белгілі еркекшора Кристина Чернышева жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жантүршігерлік оқиға Астанада наурыз айында болған еді. Кристина Чернышеваны буындырып өлтірген.

Марқұмды туыстары мен достары ақтық сапарға шығарып салды. "Бұл - үлкен қайғы. Мен үш ай бойы Алматыда азап шектім. Кінәлілерді заңмен мейлінше қатаң жазаласа екен деймін", - деді Чернышеваның әжесі. Бұл оқиға бойынша сот отырысы алдағы тамыз айында басталады. Еркекшораның өліміне қатысты басқа мәліметтер жария етілген жоқ.

Өзара некелескен екі еркекшораның бірінің өлімі қоғамды елең еткізген еді. Күдікті ретінде үш қыз ұсталды. Олардың арасында Кристинаның "зайыбы" - Каролина да бар. Айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, олар 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, лесбиянкалардың үйлену тойы Қарағандыда 2013 жылы өтті. Кристина мен Каролина некелерін қиып, бұл сәтті арқа-жарқа тойлады: лимузин, аққайнар, гүлдер мен басқа да сән-салтанаттың бәрі болды. Олардың некесі АХАТ органдарына тіркелген жоқ, өйткені елімізде біржынысты некеге рұқсат жоқ. Кристина мен Каролинаның некесін гей-клуб әкімшісі қиды. Бұл тойдан көп уақыт өтпей жатып, Кристинаның өлтірілгені көпшілікті дүрліктірді. Чернышева 2014 жылдың 26 наурызында із-түссіз жоғалды, оған іздеу жарияланды, кейін өлі күйінде табылды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети