Астанада ломбардқа шабуыл жасап, екі адамды кепілге алған қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Астанада ломбардқа шабуыл жасап, екі адамды кепілге алған қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Бұл арнайы жасақтың ғимарат ішіне кірген кезде болды. Күдіктіні ұстау кезінде атыс-шабыстар болмаған. Кенесары көшесінің бойында жол қозғалысы қалыпты жұмыс істеп жатыр. ІІД өкілдерінің хабарлауынша, тұтқынға алынған ломбард қызметкерлері дін аман. Қарақшыны ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
"Келіссөздер жүргізудің арқасында ломбардтың қызметкерлері босатылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір шабуыл жасаған жігіттің Астана қаласының 1979 жылғы тұрғыны екені белгілі болды. Келіссөздер жүргізу барысында қарақшы өз еркімен берілді. Тергеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді Астана қалалық ІІД-нің ресми өкілі Софья Қылышбекова. Келіссөздер 2,5 сағат жүргізілген.
Осыған дейін, Кенесары көшесінің 82-ші үйде "М-Ломбард" ғимаратына заңсыз кіруіне орай, дабыл жүйесі іске қосылып есіктер бұғатталды. Ломбардтың ішінде екі қызметкер болған және ер адам тонау мақсатында кіруі мүмкін. Оқиға болған кезде ломбардтың ішінде келушілер болмаған. Аудан қоршауға алынған болатын.