27 ақпан 2015 11:57

Астанада сауда орнынан төлем терминалын алып кеткен қарулы екі жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Kursiv.kz @Kursiv.kz

Астанада қаруланып алып, сауда орындарын тонаумен айналысқан Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада қаруланып алып, сауда орындарын тонаумен айналысқан Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы оқиға 23 ақпан күні сағат 03.00 шамасында болды. Белгісіз біреулер дүкеннің күзетшісін травматика тапаншасымен қорқытып, төлем қабылдауға арналған терминалды алып кеткен. Келген шығынның жалпы сомасы - 380 мың теңге.

Алматы аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының 1990 және 1984 жылғы екі жұмыссыз азаматын ұстады. "Полицейлер күдіктілердің 28 қаңтарда осыған ұқсас тағы бір қылмыс жасағанын анықтады. Олар түнгі уақытта саудагерді травматика тапаншасымен қорқытып, дүкен кассасынан ақша алып кетті", - делінген баспасөз хабарламасында.  

Осы деректер бойынша ҚР ҚК 191-бабымен ("Тонау") қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталғандар Астананың ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары олардың бұған дейін болған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында белгісіз біреулердің төлем терминалындағы ақшаны ұрлап кеткені хабарланған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпан күні сағат 16.15-те Аршалы аудандық ішкі істер бөліміне 29 жастағы азамат белгісіз біреулердің төлем терминалындағы ақшаны алып кеткені туралы хабарлаған. Жігіт таңертең дүкеннің жанындағы терминалдың жұмыс істеп-істемей тұрғанын тексеру үшін барып, аппарат жақтарының бұзылғанын байқаған. Қылмысты жасағандарды анықтау үшін арнайы топ жасақталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети