29 қаңтар 2021 16:54

Астанада сотталған адамның туысы түрмеге торттың ішіне телефон салып кірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры: polisia.kz Видео кадры: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесіне сотталған адамның туысы тыйым салынған затты алып кірмек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесіне сотталған адамның туысы тыйым салынған затты алып кірмек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған адамның туысы әкелген торттың ішінен ұялы телефон табылып, тәркіленді. Бастапқыда бүтін секілді көрінген кондитерлік өнім арнайы құрылғы-металлодетектормен тексеру барысында табылды.

"Торт сыйлықты алып келген азаматтың көз алдында кесіліп, оның ішінен тыйым салынған зат жаңа ұялы телефон табылды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша сотталғанды және тортты жеткізген азаматты жауапкершілікке тарту үшін қажет тексерулер жүргізілетін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети