18 ақпан 2016 13:07

Астанада "Таблиғи Жамағат" қозғалысының жақтаушылары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада "Таблиғи Жамағат" қозғалысының жақтаушыларына қатысты жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Астанада "Таблиғи Жамағат" қозғалысының жақтаушыларына қатысты жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Бүгін Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты "Таблиғи Жамағат" діни-экстремистік ұйымына қатысы бар деп айыпталған бес адамға үкім шығарды.

Судья Үнсін Мұханғалиева төрт сотталушы: Құбайдулла Төлебаевқа, Нұржан Нұрәділовке, Болатбек Қожагелдинов пен Ерболат Омарбековке екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Олар жазаны жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сот оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабы 1-бөлігі - "Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiн ұйымдастыру" бойынша үкім шығарды.

Ал Халамбахи Халым екі жыл алты ай мерзімге сотталды. Ол да жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі - "Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу" бойынша үкім шығарылды.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы төрт сотталушының әрқайсысын төрт жылға, ал бесінші сотталушы - Халамбахи Халымды бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети