06 сәуір 2016 16:55

Астанада үш жігіт 25 жастағы ер адамды өлтіріп, көлігін айдап әкеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Астанада үш жігіт 25 жастағы ер адамды өлтіріп, көлігін айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада үш жігіт 25 жастағы ер адамды өлтіріп, көлігін айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 4 сәуірде болған. Таңғы 09.00-де Сарыкөл ауданындағы үйлердің бірінің маңында ер адамның мәйітінің табылғаны жайлы мәлімет түскен. Тергеушілер оқиға болған орынға келіп, оның зорлықпен өлтірілгенін анықтады, нақтырақ айтқанда денесінде көптеген пышақ жарақаты болған. Полицейлер бір тәуліктің ішінде күдіктілерді "Шанхай" базарының маңынан тапқан, олар осы жерден халықаралық автобус арқылы қаладан қашып кетпекші болыпты. Күдіктілер Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыссыз үш тұрғыны болып шықты. Олар 1991,1993,1994 жылғылар. Криминалдық бөлімнің қызметкерлері ұсталғандардың бірінің қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтап отыр. 

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлердің айтуынша, күдіктілердің кінәсі жиналған заттай дәлелдермен расталып отыр. Қазіргі таңда оқиға орнында жауап алу мен көрсетпе беру жүріп, әр күдіктінің ролі анықталу үстінде. Тергеу мәліметінше, қылмыстың мотиві - марқұмның көлігін иемдену. Күдіктілер Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети