14 шілде 2015 13:11

Астанадағы банкоматтардың бірінде ПИН оқылатын мини-камералар орнатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©forum.guns.ru ©forum.guns.ru

Ақпараттық жүйеге заңсыз мүмкіндік алып, тонау әрекетін жасады деген күдікпен Астана әуежайында Молдованың үш азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақпараттық жүйеге заңсыз мүмкіндік алып, тонау әрекетін жасады деген күдікпен Астана әуежайында Молдованың үш азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана ІІД ЖБО-на қауіпсіздік қызметкерлерінен елорданың сауда орталықтарының бірінде орналасқан банкоматтардың бірінен видеокамераға ұқсас құрылғының табылғаны туралы хабар келіп түсті. Полицейлер тексеру барысында бұл құрылғының ПИН кодты теру кезін видеоға түсіруге арналған видеокамера екенін анықтады", - делінген ІІД хабарламасында.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Молдова Республикасының 20-30 жас аралығындағы үш азаматының ұсталғанын хабарлады. Олардың уақытша тұрғылықты жерін тексеру кезінде видеокамералар, микросхемалар, флеш-карта, электромагнит таспасыз пластикалық карталар мен чиптер табылған.

Осы дерек соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети