Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Астананың салық мамандарына қатысты қылмыстық істер қозғалды

05 Наурыз 2014, 14:46
0
©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко
Астананың қаржы полициясы салық органы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғады деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы полициясы Алматы аудандық салық басқармасының салық бақылау бөлімінің жетекшісі Ертай Қалдарбековке және осы бөлімнің бас маманы Күләш Қасеноваға қатысты қылмыстық істер қозғаған. Олар 2014 жылдың қаңтар айында заңды тұлғалардан алдын ала сөз байласу және бопсалау жолымен өз өкілеттіктеріне кіретін мәселелерді шешу үшін пара алған деп айыпталып отыр. Пара көлемі - 20 мыңнан 450 мың теңгеге дейін.

Қалдарбеков сот санкциясымен қамауға алынды, ал Қасеноваға үй қамауында ұстау шарасы қолданылды. "Тәжірибе жүйелі түрде пара алу схемасына жетекшілердің де, олардың қарамағындағы қызметкерлердің де қатысы бар. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жемқолықтың жүйелі түрдегі көріністерімен күрес жалғасатын болады", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Астаналық қаржы полицейлері қазіргі уақытта Астана қаласы сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің сот орындаушысы Панбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеудің аяқталғанын да хабарлады. Ол "Керуен" сауда орталығында С. деген азаматшадан оны жауапкершілікке тартудан босату үшін 100 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталды. Панбаев өз кінәсін мойындады, қазір қылмыстық іс сотқа жолданған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай