18 наурыз 2022 16:01

Атырау облысы әкімінің орынбасары сотта ақталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж ©Tengrinews.kz Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Атырау облысы әкімінің орынбасары ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сот сайтына сілтеме жасап.


Атырау облысы әкімінің орынбасары ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сот сайтына сілтеме жасап.

"Атырау қаласының № 2 соты Атырау облысы әкімінің орынбасары Н. (бұрын Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген) және "Бұйырған" ӘКК төрағасының орынбасары Б-ға қатысты қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды - ҚК-ның 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы", - делінді сотта.

Әкімнің орынбасарына қызмет бабын пайдалана отырып, Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы бола тұрып, ӘКК төрағасының орынбасары бар топпен алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін жымқырды, яғни ӘКК-ге инвестициялық субсидия беру арқылы 83 700 649 теңге жымқырды, ал Б-ға көрсетілген соманың жартысын 41 900 000 теңге мөлшерінде алды деп айып тағылған.

ӘКК-ге инвестициялық субсидиялау төрт траншпен берілген. ӘКК-нің инвестициялық субсидияны беруге және өтінімді сараптама ұйымына бекітуге өтініші жауапкер ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін – 2019 жылғы мамырдың аяғында, ал өтініштер қалған транштар бойынша бұрынғы басқарма басшысының бұйрығы бойынша құрылған жұмыс тобымен бекітілген.

Тергеу барысында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқыру мақсатында айыпталушылардың алдын ала сөз байласуы дәлелденген жоқ.

Сотта зерттелген дәлелдемелер бойынша инвестициялық субсидиялар беру туралы өтінішке қоса берілген құжаттардың толықтығы үшін ӘКК құжаттарын қабылдаған бөлім бастықтары жауапты екені анықталды. Сараптама ұйымы және жұмыс тобы объектінің өндірістік қуаттарының сәйкестігін тексеру актісін жасады, оны басшы - сотталушы Н. ұсынды, соның негізінде ол субсидия беру шартына қол қойған.

Сот отырысында жауап алынған Ауыл шаруашылығы министрлігінің маманы жұмыс тобы немесе сараптама ұйымы бекіткеннен кейін бөлім басшысы келісімшартқа қол қоюға міндетті екенін, әйтпесе ол жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Сотталушы Б. ӘКК-дегі материалдық жауапты тұлға саналмайды, алғашқы үш субсидияны алу кезеңінде ӘКК-де жұмыс істемеді және құрылтайшы болған жоқ, ол 2020 жылғы 3 тамызда, яғни үшінші транштың субсидиясын алғаннан кейін директордың орынбасары болып жұмысқа орналасты, бұл ретте онымен материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалмаған. Бұл жағдайды ӘКК өкілдері растап отыр.

Сотта жауапкерлер инвестициялық қаражатты игермеген, бұл қаражатты ӘКК игерген.

"ӘКК меншігіндегі құс фабрикасы жұмыс істеп тұр, салықтар уақытылы төленіп жатыр. Аудит арқылы субсидия беру тәртібі анықталғаннан кейін 83 700 649 теңге субсидия толығымен бюджетке қайтарылды, қазіргі уақытта ӘКК-нің азаматтық талап бойынша қарызы жоқ", - делінген хабарламада.

Прокурор сотталушыға облыс әкімінің орынбасарына 10 жыл бас бостандығынан айыру, екінші сотталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сонымен қатар, жәбірленушінің өкілі шығын толық өтелгенін көрсетті. Сотталушылар мен қорғаушылар қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Сот шешімі

"Сот сотталушылардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты Н. мен Б-ны кінәсіз деп таныды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп қорытындылады соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети