19 маусым 2024 15:12

Атырау облысында басқарманың бөлім басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.


Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Атырау №2 сотымен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С. Джабасовқа қатысты үкім жарияланды.

"Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болу дерегі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату үшін лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды.

Сот үкімі бойынша, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети