30 маусым 2022 09:58

Атырау облысында дизель отынын заңсыз өткізген директор сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/ҚМА Видео кадры/ҚМА

Атырау облысында "Азия ТЭГ" және "Евро-Азия ТЕМП" ЖШС директорына қатысты істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.


Атырау облысында "Азия ТЭГ" және "Евро-Азия ТЕМП" ЖШС директорына қатысты істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті "Азия ТЭГ" және "Евро-Азия ТЕМП" ЖШС директорына қатысты істі тергеуді аяқтады.

"ЖШС басшысы 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мың тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 796,5 миллион теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген. Сонымен қатар, аталған тұлға "Евро-Азия ТЕМП" ЖШС-нің директоры бола тұра, 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мыңға жуық тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 990 миллион теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, ЖШС басшысы кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. "Рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңы негізінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы үштен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети