13 ақпан 2020 11:39

Атырау облысында ҚАЖД басшысы мен есепшісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен

Атырау облысында ҚАЖД басшысы мен бухгалтері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызмтеніе сілтее жасап. 


Атырау облысында ҚАЖД басшысы мен бухгалтері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызмтеніе сілтее жасап. 

ҰҚК департаментінің Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижелеріне сәйкес бағыныстылардан 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі негізінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Атырау қалалық мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасады. ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру де-ректерін жариялауға жол бермеу") сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети