Атырау облысында қоқысқа тасталған нәрестенің анасын полицейлер әлі таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық ІІД тергеу басқармасының өкілдері қазіргі уақытта анасының аты-жөні де анықталмаған. "Бұл қылмыстық құқықбұзушылықты ашу мақсатында қажетті барлық жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр". - деп хабарлады басқармадағылар.

Полицейлер қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, бұл бап бойынша сәбидің анасы 4 жылға бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, Атырау облысында полиэтилен қабына салынып, контейнерге тасталған жаңа туған сәбидің мәйіті табылған болатын. Полицейлер сәбидің 20 сәуірде Құлсарыдағы үйлердің бірінің ауласында табылғанын хабарлады. "Контейнерде жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, қыз бала. Денеде зорлық белгілері табылмады, қазіргі таңда оның анасын анықтау бойынша шаралар жүріп жатыр, сәбидің неден қайтыс болғаны да белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сәби мәйітханаға жеткізілді", - деп хабарлаған еді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.