21 сәуір 2016 12:46

Құлсарыда қоқыстан өлі сәби табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Атырау облысында полиэтилен қабына салынып, контейнерге тасталған жаңа туған сәбидің мәйіті табылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Атырау облысында полиэтилен қабына салынып, контейнерге тасталған жаңа туған сәбидің мәйіті табылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Полицейлер сәбидің 20 сәуірде Құлсарыдағы үйлердің бірінің ауласында табылғанын хабарлады. "Контейнерде жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, қыз бала. Денеде зорлық белгілері табылмады, қазіргі таңда оның анасын анықтау бойынша шаралар жүріп жатыр, сәбидің неден қайтыс болғаны да белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сәби мәйітханаға жеткізілді", - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.


Сурет әлеуметтік желілерден алынған.

Полицейлер қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, бұл бап бойынша сәбидің анасы 4 жылға бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети