11 ақпан 2021 15:36

Атырауда 364 дана киік мүйізі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Атыраулық полицейлер 364 дана киік мүйізін тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Атыраулық полицейлер 364 дана киік мүйізін тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

6 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен балық қорына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жергілікті тұрғындарға тиесілі екі көлік ішінен 364 дана киік мүйізін тауып, тәркіледі.

"ВАЗ-21014" автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы "ТОЗ-16" маркалы аңшы мылтығы табылды. Ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаттары жоқ 4,5 калибрлі "Байкал МР-512" маркалы қару тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Исатай ауданы мен Атырау қаласының 23 жастағы екі тұрғына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети