1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Атырауда 54 миллион теңгені иемденген экс-шенеунік сотталды 13 қазан 2021, 14:45

Атырауда №2 сот Білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Толғанай Көлбаеваға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Атырауда №2 сот Білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Толғанай Көлбаеваға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Шенеунік 2015 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта қызмет бабын пайдаланып, серіктесімен бірге 111 миллион теңге жымқырған.

"Осы ақшаның 54 миллионын Көлбаева, қалғанын серіктесі алған. Олар өздеріне заңсыз жалақы алу арқылы қылмыс жасады. Көлбаева ақшаны өзінің банк картасына, сондай-ақ, анасының картасына аударған", - делінген іс материалдарында.

Сот тергеуі барысында әйел өз кінәсін мойындап, өкінішін білдірген. Ол тергеуде белсенділік танытып, қаражатты толығымен қайтарды. Үкім шығару кезінде сот сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін де ескерді.

Экс-шенеунік кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіз қылмыстық-түзету мекемесінде жазасын өтеп, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сотталушының балалары болуына байланысты сот жазаны бес жылға кейінге қалдыруға шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағым жасалуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда мәдени-демалыс орталығының басшысы мекемеге бөлінген 40 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram