13 қаңтар 2022 08:53

Атырауда Алматыдағы мародерлікке қатысы бар тонаушылар ұсталды - өңірлік полиция

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Атырауда Алматыдағы дүкендерге шабуыл жасаған үш тонаушы ұсталды. Пойызбен келген жолаушылардан қымбат парфюмерия мен сәндік косметика табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.


Атырауда Алматыдағы дүкендерге шабуыл жасаған үш тонаушы ұсталды. Пойызбен келген жолаушылардан қымбат парфюмерия мен сәндік косметика табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Полиция қызметкерлері тауардың көптігіне таңғалды. Сот процесінде мұның бәрі белгілі Mon Amie косметика дүкендерінің бутигінен ұрланғаны белгілі болды.

Ұсталғандар Ақтау қаласының тұрғындары болып шықты. Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Ақтау қаласының ұсталған тұрғындарынан 30 флакон және 55 сәндік косметика табылды. Бұл дерекке қатысты "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Атырау станциясының желілік полиция бөлімінің криминалдық Полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғалиев.

"Ақ Жайық" басылымы 12 қаңтарда Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 31 жастағы күдікті ұсталғанын, үйін тінту кезінде атыс қаруы тәркіленгенін хабарлады.

Сондай-ақ, "әскери және полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетіп, олардың қорғаныс құралдарын иемденген" тағы бірнеше адам ұсталды. Оларға қатысты ҚР ҚК 272-бабы ("Жаппай тәртіпсіздік") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Оның бірі - бұрын психотропты препараттарды сатып алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Атыраудың 25 жастағы тұрғыны. Тінту кезінде оның үйінен үш оқ-дәрі тәркіленді", - деп мәлімдеді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети